Қателік
  • JLIB_APPLICATION_ERROR_COMPONENT_NOT_LOADING

Ата аналар форумы

               Ата аналар форумы

Өнегелі ұрпақ тәрбиесі білім ордасының бір бағытта жұмыс істеуінен басталады. Ата-ана мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту – саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі. Осы идеяны насихаттауды мақсат тұтқан форумның ерекшелігі іс-шараның ашық әңгіме, пікір алмасу түрінде болды.

        Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата-ана, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қашан да өзекті. Бүгінгі қоғамның да басты міндеттерінің бірі-еліміздің сауатты, инабатты, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу. Осындай біршама мақсаттарды жүзеге асыруды міндет тұтқан №23 мектеп-лицейдің ұжымы ата-аналар форумын өткізді. Мектеп басшысы Тойлыбаева Жанар Жорақызы: Еліміздің мәңгілік көркеюі үшін, әрбір мемлекет  ұлттық салт-дәстүрінен ажырамауы керектігін баса көрсетіп кетті. Сонымен қатар бұл форум Президенттің «Рухани жаңғыру»бағдарламасының аясында өткізіліп отыр.Осы мақсатты жүзеге асыруда біздің санамыз ісімізден  озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы қажет.

      Форум барысында мектеп ұжымы мен ұстаздары ата-аналарға біршама пайдалы мәліметтерді ұсынды.

       Еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуы үшін  болашаққа қалай қадам  басатынымыз және сананы қалай өзгертетініміз бүгінгі күннің негізгі талабы.

       Мектеп басшысы Тойлыбаева Жанар Жорақызы ата–аналармен үндеу қабылдады.Үндеудің негізгі мазмұны баланың басты ұстазы--ата-ана екендігін, Отан отбасынан басталатындығы, баланың бір жақ жауапкершілігі мектепте болса, бір жақ жауапкершілігі әрқашан ата-ана екендігі айтылады. Тойлыбаева Жанар Жорақызы өз сөзінде: Ата-ана ретінде ұл қыздарымызды астамшылдық пен даңғойлыққа емес, ұстамшылдық пен үнемшілдікке үйрету біздің парызымыз, сонымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарап, киелі де қасиетті ескерткіштері мен көне қала орындарын көзінің қарашығындай сақтау керек екендігі жөнінде айтып өтті.

     Тағы да күн тәртібінде қойылған мәселелердің бірі:

Оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Оразбекова Гүлнұрдың ата-аналарға “100 автор-100 әңгіме” тақырыбындағы баяндамасы ұсынылды. Ондағы мақсат:

баланың оқуға деген ынтасын сақтап қалу, көркем әдебиет оқуға баулу. Оқу бала өміріндегі ең маңызды мақсат екендігін айтып өтті. Сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Төлешбаева Забира мен орыс тілі мұғалімі Бондаренко Вера ұйымдастырған ТЕДх жобасы да көпшілік көңілінен шықты. Жоба бойынша жоғары сынып оқушылары Құлынбет Жансая, Сейтмахан Гүлайым, Резаева Екатерина, Татаркина Мария өз пікірлерін ортаға салды.

Шынында да, бүгінгі таңда балалар  смартфондар мен компьютерлерге, мультфильмдерге көп көңіл бөледі. Олар тапсырмаларды өте тез орындайды немесе зейін қоймайды. Сол себепті де терминдерді түсінбейді. Оның себебі кітапты оқымайтындықта жатыр.

     Бүгінгі заманға сай тәрбиеленіп жатқан балаларымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуы тек мұғалімдерге  ғана емес, бір ұшы ата-аналарда екенін аңғартты.

    “Дәулет есіктен, ақыл бесіктен” демекші, тәрбие отбасынан бастау алады. Болашақ ұрпақтың елімізге деген сүйіспеншілігі алдымен, ата-аналар ықпалымен қалыптасады.

          Форумға жиналған жұртшылық бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді қызу талқылап, ең алдымен жауапкершілік ата-анада болу қажет екендігін ұғынды.

           Сөз соңында  Тойлыбаева Жанар Жорақызы ата-аналар форумын өткізуде «Біздің мақсатымыз  рухани қарым-қатынасқа қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге даяр болуымыз керектігі туралы түйіндеді.

№23 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті  пәні ұстаздары:

                                                                               Турегельдиева А.Т. , Әбдіқалық А.

 

December 28 2017

У вас нет прав

Мы вконтакте

Логин К2