Қателік
  • JLIB_APPLICATION_ERROR_COMPONENT_NOT_LOADING

Математиканың мұғалімдері

Оцените материал
(0 голосов)

 

Абдимусаева Ұлжалғас Әмзебекқызы 

  Педагогикалық еңбек өтілі 15 жыл. № 23 мектеп-лицейінде 8 жылдан бері математика және информатика пән мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ғылыми-теориялық жақсы дайындығы бар. Оқушыларға білім беруде тәрбиелеуде кездесетін проблемаларын шешу әдістеріне үлкен қызығушылық білдіреді. Сабақтарында оқушылардың ой-танымын дамытуға жағдай туғызады, сараптай білу, салыстыра білу, жалпылау, талдау, негізгі қасиеттерін айқындау, бұрынғы білімін жаңғыртып жаңа тақырыптарда қолдана білу, математикалық құрал жабдықтарды қолдануды үйретуді әрі қарай дамыту. Оқушыларды танымды ізденіске, оқу еңбегіне тартуға тырысады: оқушылардың өз бетінше білім алуы, пәнге деген қызығушылығының артуы. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалім үлгермеуші оқушыларға көп көңіл бөледі. «Үлгермеуші оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру» тақырыбымен жұмыс істейді. 2004 ж. ІІ қалалық олимпиадасында ІІІ орын алды. Оқушылары «Кенгуру», «Ақ бота» халықаралық сайысында жүлделі орындарға ие болды.
Жауапкершілігі мол, білікті ұстаз, әріптестерінің, ата-аналардың және оқушылардың арасында беделді

 

 

 Рахимова Ботагоз Кадыровна 

Педагогикалық еңбек өтілі 34 жыл. № 23 мектеп-лицейінде 13 жылдан бері математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Аттестаттау комиссиясының жұмысына жауап береді. Аталған мектепте директордың оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Өз сабағында жаңа технологиялық әдістерді жете меңгерген. Мамандығын терең меңгерген, әр сабағына үлкен дайындықпен келетін, әрбір сабағы тартымды да қызықты, озық үлгідегі әдістемелерді тиімді қолдана білетін ізденімпаз, жақсылыққа жаны құшар ұстаз. Сабақта интерактивті тақтаны пайдаланып қызықты өткізеді. Алдына қойған мақсатын орындауда оқушылардың жеке қабілетін және мүмкіндіктерін ескере жоғары деңгейге жетуге көмектесіп отырады. Сабақтан тыс уақыттарында үлгерімі нашар оқушыларға қосымша сабақтар өткізіп отырады.
Облыстық және қалалық білім беру бөлімінің мадақтау қағаздарымен марапатталған.
Мектеп ұжымында, әріптестері арасында өте сыйлы, беделді ұстаздардың бірі

 

 

 

 

Петрова Наталья Петровна 

 Педагогикалық еңбек өтілі 34 жыл. Осы уақыт аралығында жоғарғы сыныптардағы математика пәнінің әдістемесін толығымен меңгерген, теориялық дайындығы мол жоғары білікті маман. Облыстық, қалалық семинарларды өткізуде белсенді рөл атқарады. Оның оқушылары түрлі олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері және де ғылыми жобалармен айналысып келеді. Математика кабинеті 2005 жылы Шымкент қаласындағы ең үздік кабинет атанды. Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік жұмыстарында, ашық сабақтарды өткізуде, сыныптан тыс іс-шараларда әрқашан белсенді қатысады. «Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу» тақырыбын зеррттеу үстінде. Бірнеше рет ҰБТ дан жоғарғы көрсеткіш көрсеткені үшін марапатқа ие болған. Өз әріптестері мен ата-аналарына тілектес, өнегелі ұстаз.

 

 

 Саблина Ольга Ивановна 

Педагогикалық еңбек өтілі 23 жыл, № 23 мектеп-лицейінде 14 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында өзін белсенді, ізденімпаз мұғалім екенін көрсете білді. Педагогикалық әдістемені жоғарғы деңгейде меңгерген, ғылыми-теориялық дайындығымен қоса инновациялық технологияны қолдана отырып сабақтарын жүргізеді. Педагогикалық еңбегінің барысында дарынды балалармен жұмыс жүргізуде тәжірибесі орасан зор. Соның нәтижесінде оқушылары мектепшілік, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларының І,ІІ,ІІІ орын иегерлері атанып жүр. Қалалық білім бөлімі мен мектептің мақтау қағаздарымен марапатталған. Сынып жетекші ретінде ата-аналармен және оқушылармен тығыз қарым-қатынасты орната отырып, балалармен тәрбиелік іс-шараларды, ұйымдастыру жұмыстарын өз деңгейінде жүргізе алады. Әріптестерінің ортасында беделі жоғары. Атқарған жұмыстарынан әріптестері мен семинар қатысушылары әрқашан үлгі алып келеді. 

 

 

 

Ким Антонина Владимировна 

Педагогикалық еңбек өтілі 31 жыл. Біраз жылдар математика мен информатика пәндерінің әдістеме бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Педагогикалық әдістемені жоғарғы деңгейде меңгерген, ғылыми-теориялық дайындығымен қоса инновациялық технологияны қолдана отырып сабақтарын жүргізеді. Педагогикалық еңбегінің барысында дарынды балалармен жұмыс жүргізуде тәжірибесі орасан зор. Соның нәтижесінде оқушылары мектепшілік, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларының І,ІІ,ІІІ орын иегерлері атанып жүр. 2005-2006 жж. – математика пәні бойынша өткен қалалық, облыстық олимпиада І орын 2007-2008жж., 2008-2009жж. – оқушыларға арасындағы математика пәнінен өткен қалалық олимпиада І орын 2007-2008 жж., - оқушылар арасындағы қалалық ғылыми жоба байқауында І орын иеленген. Қалалық математика пәні бойынша шығармашылық топтың жетекшісі қызметін атқарған. түрлі семинарларды да ұйымдастырушы. Өз әріптестері мен ата-аналарына тілектес, өнегелі ұстаз.

 

 

Губецкова Татьяна Ивановна

Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. Жоғарғы сыныптарда математика пәнінің мұғалімі. Оқушылардың шығармашылық потенциалы мен білім сапасын арттыру мақсатында өз сабағын түрлі тәсілдерді қолдана отырып жүргізеді. Бұл сабақта оқушылар тек есеп шығарумен ғана шекеліп қоймай, тапсырмаларға жан-жақты талдау жасап, оларды басқа есептермен салыстыра отырып орындайды. Сонымен бірге өз бетімен жұмыс жасайды, оқулықтар мен бірге қосымша әдебиеттерді де пайдаланады. Дәл осындай мақсатқа бағытталған жұмыстың нәтижесі оқушылардың білім сапасы мен жетістігінде көрінері анық. Қалалық мұғалімдер арасындағы олимпиада да қалалық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталған. 

 

 

 

 

 

 

Лаврикова Наталья Валерьевна 

Математика пәнінің мұғалімі. 1993 жылы, 1 санатты М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын аяқтаған. Орта буын сыныптарында (5-7 сыныптар) жұмыс жасайды. Әдістемелік тақырыбы: «Математика сабағында оқушылардың жеке жұмыс істеуі» 2006 жылы «Кенгуру» олимпиадасына қатысып, Ахмедова Д. - ІІ орын, Шымеев Дмитрий – ІІІ орын, Дмитриев Игорь – ІІІ орын, Гафурова Согдиана – ІІІ орынды иеленді. Адал еңбегі үшін бірнеше рет қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған. Мұндай ұстаздардың еңбегі әрқашан оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының жоғарғылығымен ерекшеленеді.

 

June 12 2012
Прочитано 3438 раз
Другие материалы в этой категории: « физика мұғалімі

Мы вконтакте

Логин К2