Сергей

Сергей

Қазіргі Шымкент қаласының аумағына халықтардың қоныстануы ХІ-ХІІ ғ аралығында бастау алған.  Сонымен қатар қаланың пайда болуы бұдан да ертерек те болуы мүмкін деген болжам бар. Бұған дәлел археологиялық қазба зерттеулерінің нәтижесінде, мамандардың болжамы бойынша V-VIIІ ғғ. жататын ескерткіштер табылған. Шымкент қаласы туралы түрлі тарихи жазба деректер кездеседі. Солардың бірі біздің уақытымызға дейінгі  жеткен орта азиялық тарихшы Шараф ад-дин Али Йа(е)здидің (1425 жыл) Тимурдың жорыққа шығуы туралы жазылған «Зафар Наме» («Жеңістер кітабы») кітабында кездеседі.

 i

 

Жүздеген жылдар бойы басқыншылардан қала бір жерден екінші жерге  көшіп отырған. ХІІІ ғасырдың бас кезінде Сайрам алқабы арқылы Мавераннахрға Шыңғысханның әскерлері басып кіруінің нәтижесінде, жердің бөлігі шапқыншылардың иелігіне өтті. ХVI ғасырдың басында Шымкент Қазақ хандығының құрамына кіреді. Содан кейін XVII—XVIII ғғ. аралығында жоңғар шапқыншыларының аумағына өтеді. Халықтың тұрмысына әсер ететін сансыз соғыстар мен өзара тартыстарға қарамастан, Сайрам алқабы егіншіліктің, бау-бақша кәсібінің дамыған аймағы болып қала берді

 

1864 жылы ресей әскерлерінің әскери операциясының нәтижесінде қоқандықтардан Чимкентті ұрыспен қайтарып алды. Болашақ Түркістандық генерал-губернатор , сол кездегі полковник Черняев өз жұмысына өте шектеулі амалдармен кірісті. Черняевтің аз ғана жасағы Әулие-Ата бекінісін, одан соң 1864 жылдың шілде айында алдырмайтын берік деп  саналатын Чимкентті басып алды. Әскерлер қорғанға күмбез тәріздес саңылаудан айналма су құбырлары арқылы кірген. Сол себептен әскерлер кенеттен  келген жауға ешқандай қарсылық көрсете алмаған. Чимкентті басып алғаны үшін Черняев Әулие Георгиийдің 3 дәрежелі Орденіне ие болған.

 

Осы уақыттан бастап қала Ресейдің еуропалық бөлігімен  және Орталық Азияның батыс Сібірімен байланыстыратын негізгі транзиттік аймақтардың біріне айналды.

 

1914 жылы Қазқстан Ресей империясының құрамында болуының  50-жылдығына орай ресейлік билік өкілдерінің жарлығымен қалаға Черняев атауы берілді. Алайда, 1924 жылы кеңес одағының жарлығымен өз атауы қайтарылды.

 

1930 жылдары Чимкентте қорғасын зауыты тұрғызылды. Кеңес одағында өндірілген қорғасынның 30 пайыз үлесі  өзіне қалып отырды. Қолданысқа май комбинат және шұлық өндіретін фабрикалар беріле бастады. 1932 жылы қалалық аэропорттың салынуына  ауылшаруашылық өндірісініңдамуы  негіз болды.

 

201211071217365099fd00a064e

 

Shymkent city downtown

     The Peace Avenue Shymkent city

Alley near Pushkin s Library

  220px Ordabasy Plaza Shymkent  photorixos

 

Информация взята с сайта " https://ru.wikipedia.org "

Мы вконтакте

Логин К2