Қателік
  • JLIB_APPLICATION_ERROR_COMPONENT_NOT_LOADING

Ана тілі және отбасы

Шымкент қалалық Тілдерді Оқыту-әдістемелік (директоры – Нурила Жуманова) орталығының орта мектеп оқушылары арасында өткізген "Ана тілі және отбасы" байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға қатысып, өз күшін сынаған 29 мектеп арасынан үздік атанғандар арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі Бас бәйгені қанжығасына байласа, бірінші орын №45 мектеп-гимназиясының үлесіне тиді. Ал, екінші орынды №43 жалпы орта мектебі мен Шоқан Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта мектебі және Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебі иемденсе, үшінді орынды Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебі мен Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектебі және Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебі иемденді. Сонымен қатар, "Үздік мектеп" номинациясы бойынша Мәншүк Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектебі, "Белсенді ұжым" номинациясы бойынша Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебі, "Тіл жанашыры" номинациясы бойынша №46 жалпы орта мектебі, "Салтын сақтаған мектеп" номинациясы бойынша Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебі, "Ұлттық дәстүрді дәріптейтін мектеп" номинациясы бойынша Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебі марапатталды. (Ә.Ә.)
May 20 2019

У вас нет прав

Мы вконтакте

Логин К2