Материалдар

Директордың сөзі

Мектептің міндеті – өскелең ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беру. Біздің жұмысымыздың нәтижесі – оқушыларымыз бен түлектеріміздің жетістіктері. Егер экономикалық жағынан қарасақ, мектеп – өте өзгеше сала. Директор балалардың, педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасын басқарушы әрі үйлестіруші, сондықтан ол әрі жақсы ұстаз, әрі шебер ұйымдастырушы болуы керек. Мектептің шаруашылық қызметін басқаруда директорға кәсіби педагогикалық білімімен қоса, заңгерлік және экономикалық білім де қажет. Сондықтан осы тұста «менеджер» сөзін қолдану орынды. Алайда мектеп ұжымын басқаруда көп жылғы еңбек өтілі бола тұра кез-келген басшы жетістікке жете бермейді, ол үшін басшы шын мәніндегі нағыз ұстаз болуы керек. Ұстаз еңбегін бағалай білетін директор ғана ұжымдағы әр мұғалімнің еңбегі мен жетістігін ескере отырып, олардың әрқайсысының толыққанды еңбектенуіне жағдай жасай отырып, оларды жетістіктерге жетелейді. Мен басшы ретінде мектебіміздегі мұғалім кадрларының жылдар бойғы тұрақты, үздіксіз жұмыс жасап келе жатқандығын зор мақтанышпен айтар едім. Көптеген мұғалімдер осы мектепте ондаған жылдар бойы еңбек етіп, өз өмірлері мен мектеп өмірін терең байланыстыра білген. Олар Семыкина Н.А., Конников Е.Н., Семенова Т.А., Петрова Н.П., Акчурина М.Б., Ким А.В., Пятайкина Т.В., Шмиралиева Ш.А., Имамбекова З.С., Рахимова Б.К., Есипов В.Ф., Ким Е.Г:, Строганова С.И., Ковалевская Н.Н., Мордовская Н.Н., Елеусизова Н.Н., Лапенко Е.Г., Төлешбаева З.Ж. және тағы басқалар. Бұл мұғалімдерің әрқайсысы жоғары білікті, сауатты, табиғатынан мұғалім болып жаралған жандар.
Барлық жетістікке жеткен мұғалімдеріміз адамгершілікті, мейірімділікті жоғары қояды. Баланы жай ғана басынан сипап тұрып, өзінің баланы жақсы көретінін ашық айта біледі. Алға қадам басқан сайын, жыл сайын, қиындықтарға қарамай, баланың дамуы, өсуі, білім алуына жағдай жасап, жол көрсету әркімнің қолынан келе бермейді. Ал мұғалімдікке жүрек қалауымен келген адамға ешкім де кедергі жасай алмайды.
Біз педагогикалық еңбегіміздің жемісі, бүкіл ұжым еңбегінің нәтижесі ретінде өз түлектеріміздің келешегі мен жетістіктеріне көп көңіл бөлеміз. Мектеп жұмысының нәтижелілігі ұжымдағы әр мұғалімнің әріптестерімен өзара түсіністікте, үйлесімділікте жұмыс жасай білуіне де байланысты. Бізде басты мақсатқа, оқушыларға білім және тәрбие беруге, бағытталған жағымды атмосфера қалыптасқан.
Ең бастысы – оқушылардың ішкі жан дүниесінің қалыптасуы. Мемлекеттік тілді меңгеру – қазіргі таңда ересектер үшін де маңызды мәселе. Қазақстанда өмір сүріп, біздің көпұлтты еліміздің игілігі үшін еңбек еткісі келетін әр адам саналы түрде осыны ұғынуы керек. Мемлекеттік тіл – еліміздің, оның мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлшегі. Біздің мемлекетіміздің негізгі басымдылығы – бұл ұлтаралық келісім, әрі қазақ тілі сол ұлттарды біріктіретін басты күш болып табылады. Білім туралы Заңда барлық білім мекемелерінде, меншік түріне қарамастан үш тіл қатар оқытылуы керек делінген. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілі – ең негізгі халқаралық тілдердің бірі ретінде. Тілдерді білу – кез келген маманның артықшылығы, оны барлығы да біледі. Қазіргі кезде қазақ тілін жете меңгерген әр азаматтың елдегі ертеңі сенімді. Ендігі жерде олардың тіл үйренуге деген талабы педагогтардың шебер әдіс-тәсілдерімен, жүйелі жұмыстарымен ұштасып жатса құба-құп. Бұл салада қазіргі кезде оқу-әдістемелік құралдар да жеткілікті. Жылдан-жылға тіл меңгерту жұмысы өз нәтижесін беріп те келеді.
Өзін-өзі тану пәні тек балаларға ғана емес, педагогтарға да жақсы жағынан әсер етті деп ойлаймын. Өз ісіңе қуана-қуана кірісу, әр күніңе ризашылықпен қарау неткен керемет! Әр ісіңді жақсыға бағыттау, әр істеген ісіңнен ләззат ала білу шынында да керемет емес пе? Өзін-өзі тану пәні оқушыларға осы бағытта білім береді. Жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде оларға мейірім сабақтары ауадай қажет, сонда ғана қарым-қатынасы адамгершілікке құрылған мейірімді де саналы ұрпақ тәрбиелейміз.
Бала – өз ата-анасының айнасы. Олар ата-анасының айтқан ақыл-өсиеттерін басшылыққа алмайды, олардан көргенін қайталайды. Сондықтан да екі ұрпақ арасындағы сенімді жоғалтпай, олардың махаббат сезімдерін, қамқорлығы мен жауапкершілігін арттыра білу керек. Әр ата-ана ақылды да мейірімді бала тәрбиелегісі келеді, дегенмен оған көңіл бөлу керектігін естен шығарады. Бала тәрбиесі ойдағыдай болуы үшін оны тыңдау керек, өз тәжірибесімен бөлісу керек, оның жақсы-жаман жақтарын байқап, дұрыс жолға бағыттау керек, оның жетістіктеріне қуанып, көбірек уақыт бөлу керек. Тек бала, ата-ана, мұғалім – үштігін сақтай отырып, тығыз жұмыс жасай білсек, жас ұрпақ тәрбиесінде сенімді бола аламыз.
Сөз соңында Қазақстан елінің гүлденуіне, педагогтардың қажырлы еңбектерінің табысты болуына тілектеспін!

Үсте түсініктеме


Қорғаныстық код
Жаңала

Мы вконтакте

Логин К2